Ақмолалық дзюдошы республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

Жарысқа 60 келі салмаққа дейінгі еліміздің әр өңірінен келген мықты спортшылар қатысып, бақ сынады.

Қарағандыдағы дзюдо мектебінің татамиі 2004 жылғы Азия чемпионы, 2004 жылғы Афина олимпиадасыда үздік бестікте болған Базарбек Донбай, Азия чемпионы және 2005 жылы Әлем чемпионатында 5-орыннан көрінген Саламат Отарбаев, жастар арасында Әлем чемпионы, Әлем кубогінің жеңімпазы, «Үлкен шлем» және «Гран-при» турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Елдос Сәметов сияқты спорт тарландар өнер көрсеткен жер.

«Бұл жолы көкшетаулық дзюдошы Еламан Жылқайдаровтың бағы жанып, алтын медальға қол жеткізді», — деп көрсетілген хабарламада.

Айта кету керек, Еламан Жылқайдаров балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиленушісі, Мұхтар Тоқсановтың қол астында жаттығуда.