Таразда заманауи электроавтобустар шығарылмақ

Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаты — инвестициялық жобаны іске асыру болып табылады.

Келісім барысында қала аралық және қала ішілік қоғамдық көліктерді сатып алу, «Quazar» атты электрлік автобустар құрастыратын зауыт құрылысын Тараз қаласында бастау жайлары да қаралды.

Айта кетейік, бұған дейін қос тарап жылына 300 электрлік автобус шығаратын зауыттың құрылысын «Тараз» индустриалды паркі аумағында соғу туралы меморандумға қол қойған болатын. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды.

ДереккөзKaztag.info