Концертті Әзербайжан елшілігі ұйымдастырды. Шараға Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Бейбіт Исабаев қатысты. Ол композитордың «Атамекен», «Әдемі-ау», «Сағындым сені», «Асыл арман», «Ескірмеген махаббат», «Өмірімнің жазы» сияқты көптеген әндері қазақстандық және шетелдік әнсүйер қауымның сүйіп тыңдайтын әндеріне айналғанын айтып өтті.
«Халықтың мәдени, моральдық және рухани мұраларынсыз ешқандай қоғам кемел бола алмайды. Үстіміздегі жылдың сәуірінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапарында президенттер екі елдің мәдени байланыстарын одан әрі нығайту қажеттігін айтқан болатын. Бүгінгі Ескендір Хасанғалиевтің кеші соның бір жемісі іспеттес», — деді дипломат.
Кеш соңында «Қазақстан — Әзербайжан» Достық қоғамының президенті Елдар Гүнайдын композиторға естелік сыйлықтар тапсырды.