Басты бетАқмола облысында...

Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдауға 15 млрд теңге бөлінді

Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша, 2017 жылы бөлінген ақшаның көлемі 4,8 миллиард теңгені құрап отыр. Бағдарлама қолға алынған 8 жылдың ішінде оның қатысушылары тарапынан 67,3 миллиард теңге көлемінде салық түскен.

Бағдарлама қолға алынғаннан бері 682 жоба қолдау тапқан. Биылғы жылдың 8 айында 16 жоба қолдау тауып, 15 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар, өңірде кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағдарламасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жұмыс істейді.

Оған қоса, өңірде кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жүзеге асырылуда.