50 жас кәсіпкер
Көрнекі сурет

Талап бойынша банктер паритетті түрде, яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығаруы керек. Осылайша «Даму-Өңірлер ІІІ» бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды.

Несие «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі. Оны алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады. Ал кепіл мүлкі болмаған немесе жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді.

Қаржыландыру талаптары:

  • Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі:
  • – «АТФ Банк» АҚ – жылына 14%;
  • – «Нұрбанк» – жылына 17,5%;
  • Бір кәсіпкердің қолына 500 млн теңгеге дейін беріледі;
  • Мерзімі – 84 айға дейін.

Салалар:

  1.  Агроөнекәсіптік кешен;
  2.  Тау-кен өндіру саласы;
  3.  Құрылыс материалдарын шығару;
  4.  Металлургия, металлөңдеу, машинақұрылысы;
  5.  Көлік және қоймада сақтау;
  6.  Туризм;
  7.  Ақпарат және байланыс;
  8.  Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлері;
  9.  Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
  10.  Білім беру;
  11.  Өнер, көңіл көтеру және демалыс;
  12.  Басқа да қызмет түрлерін көрсету.

Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бүгінгі күні 3 134 кәсіпкер несие алып, 11 375 жаңа жұмыс орындары ашылып, нақты берілген қаражат 175 млрд теңгеге жетті.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!