«Бұл күндері республиканың көптеген өңірінде күн суытты. Бірқатар облыс үшін қалың қар жауғаны қалыпты жағдай болса, елдегі ең ыстық өңір – Қызылқұмдағы мұндай қар өте сирек кездесетін құбылыс.», – дейді комитеттің баспасөз қызметі.
Қызылқұм шөлі 300 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Ол Өзбекстан, Қазақстан және Түркіменстанға тиесілі Әмудария мен Сырдарияның аралығында орналасқан. Осы аптада Өзбекстанда биылғы қыстағы алғашқы суық түсіп, қар жауды. Узгидрометтің хабарлауынша, апта соңына дейін республиканың барлық аумағында түнде 5-8 градусқа дейін аяз болады, күндіз сынап бағанасы орташа 2-6 градус суықты көрсетеді.