«Ғұмар Қараш ізімен» атты экспедиция жолға шықты

Экспедиция 10 қыркүйекке дейін Қараоба-Қошанкөл-Нұрсай-Күйгенкөл (Жәнібек ауданы)-Жәнібек-Хан Ордасы-Көктерек-Жалпақтал-Бостандық-Казталов ауылдарын қамтиды. Экспедеция құрамында жастар ресурстық орталығының және туризм орталығының мамандары, ұстаздар, оқушылар, блогерлер, журналистер барлығы 41 мүше бар.

Экспедицияның мақсаты — өз өлкемізді тану, тарихи жерлерді, жер-су атауларын зерттеу, нәтижесінде бейнефильм шығару, фотокөрме, өлке туралы анықтамалық, альбом, эссе, мақалалар топтамасы, жол күнделігі, рефераттар шығару. Сонымен қатар аудандық жастар ресуртсық орталығының Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарына арнайы «Туған жер-алтын бесігім» атты бағдарламасы, театрландырылған көріністермен көрерменге ұсынылады.

Көктерек тоғайында 5 қыркүйек күні бастау алған «Туған жердің қадірі» атты Жастар саяси лагерінде 6 қыркүйек күні аудан әкімі Абат Абайұлыны аудан жастарымен бейресми кездесуі өтті.