Басты бетЖаңалықтарМәдениет министрі...

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Иса пайғамбар туралы деректі фильм түсірмекші

Кеше министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ұлыбританиялық компанияның басшысы Кент Волвин және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты арасында үшжақты келісімге қол қойылып, осы келісім аясында бірнеше жоба жүзеге асатын болды.

«Атап айтар болсақ, 2016 және 2017 жылдары тараптар бірлесе We will rock you мюзиклын түсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында «Шыңғыс хан» атауымен көркем фильм және Иса пайғамбар жайында екі бөлімді деректі фильм түсірмекші. Соңғысы елдегі конфессияаралық татулықты нығайтуға негізделген», — дейді Мұхамедиұлы.

Бүгінде 100-ден астам фильм түсіріп үлгерген Кент Волвин қазақстандық кинематографияға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, кино маманы біздің елде Шыңғыс ханның жас кезін баяндайтын көркем фильмнің түсірілімін қолға аламын деп құлшынып отыр.

Ал, былтыр көрерменге жол тартуы тиіс болған Қазақ хандығы туралы көпсериалы фильмнің тағдыры әлі күнге дейін белгісіз күйде. Жоба режиссері мен продюсері қаржының тапшылығынан түсірілім жұмыстарының кешеуілдеп жатқанын бұған дейін айтқан болатын. Тіпті, олар БАҚ-тардың біріне берген сұхбатында тарихи туындының қарызға түсіріліп жатқандығын да жайып салды.

Дереккөзsn.kz