Испандияр Қайыржан пауэрлифтингтен әлем чемпионатында екінші орын алды

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша АҚШ-тың Флорида штатының Орландо қаласында балғындар арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 40 елінен келген жас спортшылар қатысты. Еліміздің атынан қатысқан көкшетаулық Испандияр Қайыржан АҚШ спортшысына есе жіберіп, 66 келі салмақ бойынша жүлделі екінші орыннан көрінді.