Басты бетАқмолалық Әмір...

Ақмолалық Әмір Махмет 11 жасында әлем рекордын жаңартты

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі маңында Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабында кеудені жерден көтеру спорты бойынша бес дүркін рекордшы, сондай-ақ денені бірқалыпта ұстау бойынша әлемдік рекордсмені атағының иегері Әмір Махмет шөлмектерде 53 жаттығу жасап, жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл рекордты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Шыңғыс Құдайбергенов тіркеді.

Физикалық жаттығулар спортшы денесі мен жаттығу құралдарының арасындағы теңгерімді қолдауда күрделі болып келеді. Ал Әмір өзінің рекордын Білім күні барлық оқушыларға арнап, оларға жаңа оқу жылында жақсы оқуды және салауатты өмір салтын ұстануды тіледі.

Айта кетейік, Әмір аты аңызға айналған балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың елі Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылында тұрады.