Ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі тек солтүстік өңірлерде емес, оңтүстікте де байқалады.
Алматыда 6-7 қыркүйек күндері өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Аталған аймақта күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Ал Астанада сынап бағанасы күндіз 18-20 градусты, түнде 11-13 градусты көрсетеді.
«Алдағы тәулікте Еділ ауданынан циклон жылжиды. Соған байланысты республикамыздың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Екпінді жел соғады. Желдің күші секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Циклонның артынан суық антициклон келеді. Демек, Қазақстанда ауа райы салқындайды»,- деді «Казгидромет» РМК инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.