Қазақстандықтар тамыз айында интернеттен нені көп іздеді?

Тамыз айында қазақстандықтардың білім беру гранттарының нәтижесі мен олар жарияланған сайттарға деген сұранысы артқан. Сонымен бірге жаңа оқу жылына дайындалып, сабақ жоспарларын іздесе, енді біреулер жаңа фильмдердің тұсаукесері туралы ақпарат іздеген.

Ең көп ізделген 10 тақырып:

  1. «Тақтар ойыны», 7 маусымның 7-бөлімі
  2. Қазақстандағы білім беру гранттарының нәтижесі
  3. Актриса Вера Глаголева (қайтыс болуына байланысты)
  4. «Киллердің оққағары» фильмінің тұсаукесері
  5. «Валериан мен мың ғаламшар қаласы» фильмінің тұсаукесері
  6. Ұстаздарға арналған материалдар (оқу жылының жоспары, тәрбие сағаты және тағы да басқалары)
  7. «Қара мұнара» фильмінің тұсаукесері
  8. Қысқа арналған тағамдарды даярлау (кәді икрасы, салаттар, бұрыштан жасалатын салат және тағы да басқа)
  9. Украинаның экс-депутаты Ирина Бережная (қайтыс болуына байланысты)
  10. Айдың тұтылуы

Тамыз айында қазақстандықтарды қызықтырған ТОП-4 спорт жаңалықтары:

  1. Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегордың жекпе-жегі
  2. Ұлттық футбол чемпионаттары (Англия, Франция, Германия және Италияның чемпионаттары жиі қаралған)
  3. Аймақтық хоккей лигасы
  4. Танк биатлоны — 2017

Айта кетейік, аталған тізім жалпы Қазақстандағы ең жиі ізделінетін ақпараттар туралы емес (ол тізім өте сирек өзгереді), тек тамыз айында сұранысы артқан тақырыптардан жасалды. Бұл қазақстандықтардың қазіргі өмірін, қызығушылығын, неге алаңдайтынын көрсетсе керек.