Ақмол ауылында спорттық ойын алаңы мен хоккейге арналған мұз айдыны салынды

Балалар — әрбір ата-ана үшін көңілдің гүлі, көздің нұры. Бүгінгі бала елдің ертеңі, ұлттың жалғасы. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар. Олай болса, біз олардың армансыз, бақытты әрі берекелі балауса кезін өткізулеріне бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Дана халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп өте орынды айтқан. Сондықтан да балаларды тек көрікті, қуанышты және қызық дүниелерге баулу керек.

Бұл спорттық алаң мен мұз айдыны «Samruk – Kazina Trust» Ұлттық қоры, «АдиНур НС» ЖШС-ның директоры — А.Алиев мырзаның және ҚР-ның Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко мырзаның демеушілік көмегінің арқасында салынды.