Батыс Қазақстанда ұстаздарға арналған Құрмет тақтасы жаңа есімдермен толықты

Игі шарада аудан әкімі Н.Қарағойшин ұстаздар қауымына жүрекжарды лебізін арнады. Бұдан әрі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров 2017 жылы Құрмет тақтасында есімдері тұру мәртебесіне ие болған ұлағатты ұстаздарға куәлік табыс етті.
Биыл мұнда Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Зәуреш Қойшығалиева, Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Галина Сүйіншқалиева, Айдархан ЖОББМ-нің география пәні мұғалімі Әсел Мырзақұлова, аудандық «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гүлсім Таменова, Карманов ЖОББМ-Б-ның әлеуметтік педагогі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Танзенова, М.Жүнісов атындағы ЖОББМ-нің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Әділжан Лепесов, С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің география және биология пәні мұғалімі Сәуле Құрманғалиева, Пятимар ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Аманғалиева, М.Мирманов атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Болғанай Раушанованың есімдері тұратын болады.

Айта кетейік, Жаңақала ауданы — тек қана Батыс Қазақстан облысына емес, республикаға танымал үлкен мал шаруашылығымен айналысатын аудан. Ауданда асылтұқымды Еділбай қойлары, асыл тұқымды Көшім жылқылары, сонымен қатар ірі қара малдар мен түйелер өсіріледі.

Жаңақала ауданы — бұл Ұлы Отан соғысының батырлары және еңбек ардагерлері, ұлы күйші, сазгер, домбырашы, мәдениет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың Отаны.

Атап айтқанда, күй атасы Қ.Сағырбаев, күй анасы Д.Нұрпейісова, ұлы күйші — сазгерлер Қ.Жантілеуов, Мәмен, О.Қабиғожин, Ш.Қажғалиев, қазақ халқының еркіндігі үшін күресушілері М.Өтемісов, И.Таймановтардың Отаны.

Тоқтар Ғабдірешұлы