Қазақстан құрамасының жазғы Универсиадада көрсеткен нәтижесі қандай?

Жарыс қорытындысы бойынша 16 медаль алған (3 алтын, 6 күміс, 7 қола) Қазақстан құрамасы жүлделер есебінде 21-орынға тұрақтады.

Түркия қоржынында да 16 медаль бар, алайда олар күміс жүлделердің көптігіне байланысты 20-орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 101 медальмен (37-27-37) Жапония жеңіп алды, екінші орынға 82 медальмен (30-22-30) Оңтүстік Корея тұрақтады. Үшінші орынды 90 марапатпен (26-34-30) Қытайлық Тайбэй қанағат тұтты.

ДереккөзSports.kz