Ақмола облысында медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арнайы қорына облыс бойынша жалпы көлемі 81 миллион теңгеге жуық жарна түскен. Жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары барысында анықталғаны өңір тұрғындарының 70 пайызға жуығы аталмыш жүйеге оң бағасын беріп отыр.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмес бұрын, әр адам өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтап алу қажет. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығы немесе кез — келген ауруханаға барып, туу куәлігіңізді яғни жеке сәйкестендірілген нөміріңізді көрсетсеңіз болғаны. Әр адамға жеке сақтандыру полисі ашылады. Сөйтіп, таңдаған емханаңызға барып, тескеріле аласыз. Ай соңында сізге кеткен шығын есебі сақтандыру қорына жіберіліп отырады.

Бұл жүйе халық денсаулығын жақсартуға және өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттырып, халықтың амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне жол ашпақ.