«Бүгінде біз балаларымызға кем дегенде үш тіл үйретуіміз керек (қазақ, орыс, ағылшын). Жақын болашақта біздерге қытай тілін білу керек болады», — деді Назарбаева.
Сондай-ақ, вице-премьер Қытайдың үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.
«Қытай — біздің жақын досымыз, ірі сауда әріптесіміз және ел экономикасындағы ірі инвестор», — деп атап өтті Назарбаева.
Сонымен қатар, Назарбаева ағылшын тілінің маңыздылығына да тоқтап, әлемдегі барлық әдебиеттер мен барлық ғаламтор ағылшын тілінде екенін атап өтті.