Басты бетЖаңалықтарАстанада қайырымдылық...

Астанада қайырымдылық дүңгіршегі ашылды

Бұған дейін Астанада бағасыз киім-кешек бутигі жұмыс істеген еді.

«Қамқорлық» әлеуметтік акциясының негізін қалаған кәсіпкер Ерекболат Қабылдиннің айтуынша, акцияны астаналық кәсіпкерлер қолдап жатыр.

«Біздің әлеуметтік акцияны астаналық кәсіпкерлер қолдап жатыр. Бұл өте қуанышты жағдай. Сарыарқа көшесі, 41 үй мекен-жайында орналасқан «Махаббат» тұрғын үй кешенінде тағы бір «Қамқорлық» дүңгіршегі ашылды. Күн сайын орта есеппен 10-15 адам киім-кешек пен тұрмыстық зат тапсырады. Бұл жетістікке «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында жетіп отырмыз», — деді Ерекболат Қабылдин.

ДереккөзEgemen.kz