«Армия – 2017» ІІІ халықаралық әскери-техникалық форумы өтті

Форум аясында Қазақстанның мамандандырылған көрмесі өткізілді. Мәскеудегі Патриот Конгресстік-көрме орталығының аумағында форумға 14 ел мен Ресей Федерациясының 1200 ұйымы мен кәсіпорнынан 78 шетелдік қорғаныс кәсіпорны қатысты. Форумға бару барысында Қазақстанның әскери делегациясы мен қорғаныс өнеркәсібінің өкілдері заманауи оптикалық-электрондық және геоақапараттық жүйелер, зымыран-ғарыштық кешендер, радиоэлектрондық күрес және барлау техникасымен, байланыс құралдары, ақпараттық (кибер) технологиялар, әуе-десанттық әскерлердің қару-жарағы, ұшқышсыз авиацияның тың үлгілері, лазерлік технологиялар, атыс және өлімге әкеп соқтырмайтын қару, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қарулы Күштері мүддесінде дайындалған өзге де техникалық құралдармен танысты.

Қорғаныс Министрлігі
©ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі делегациясы көп санды делегациялардың бірі болғанын айта кеткен жөн. Оның құрамына әртүрлі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мамандары кірді. Одан басқа, форум шеңберінде Әскери-техникалық ынтымақтастық Федералды қызметі, Ресей Федерациясының Рособоронэкспорт, сондай-ақ Ресейдегі және өзге де шет мемлекеттердегі ҚӨК әртүрлі кәсіпорындарының өкілдерімен келіссөздер өткізілді.

Қорғаныс Министрлігі
©ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі

Форум өткізілген кезде барлық келушілерге ұрыстың бірнеше әртүрлі эпизодтары ойнатылып, оның ішінде, кешенді атыс торуылымен қарсыластың барлауын жою, танкіге қарсы басқарылатын зымырандармен оқ атуларды орындау жөніндегі үлгілер паш етілді. «Армия – 2017» халықаралық әскери-техникалық форумы қару-жарақ, әскери және арнайы техниканың перспективалық жүйелері мен кешендерін құру мүддесінде қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдары, әскери басқару органдарының тиімді өзара әрекет етуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта кету қажет.

Айта кетейік, ІІІ халықаралық әскери-техни«Армия-2017» форумы халықаралық әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастықтың кең пішімді алаңы болып табылады. Онда әскери және қос мақсаттағы озық технологиялар паш етіледі. Форумның экспозициясы 40 тақырыптық тараудан тұрады. Ол жерде қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің озық жетістіктері мен қару-жарақ пен әскери техниканың перспективалық үлгілері ұсынылған.