Картинаның қоюшы-режиссері — Дархан Сәркенов. Алғашында Рашид Сүлейменов режиссерлік қызмет атқарған еді. Жобаның қоюшы-операторы — Александр Рубанов.
Көпсериялы фильм негізіне Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың қайғылы махаббаты туралы халықтық поэма арқау болған.
Басты кейіпкерлерді «Қазақ аруы» хикаясы арқылы танымал Гүлзада Тұрлаш және «Алау» тобының әншісі Ержан Мұқатаев сомдады.
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» махаббат драмасы «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілді.