Ақан Сатаев «Кәсіпкерлер» атты фильм түсірді

Аталған фильм Алматы қаласында 29 маусым мен 15 тамыз аралығында түсірілді. Кинотаспаның қоюшы-операторы — Хасанбек Қыдырәлиев.

Фильмнің сюжетіне 1990 жылдардағы жағдай арқау болған. Фильм кейіпкерлері — Қазақстандағы нарықтық кезеңдегі алғашқы адамдар.

Отандық киноның түсіріліміне Санжар Мәди, Шәріп Серік және Расым Жұбаев қатысты. Айсұлу Әзімбаева мен Асқар Ілиясов басты рөлдерді сомдайды.

Көркем фильмнің өндірісімен «Astana film fund» компаниясы айналысты. Аталған компания бұрын «Районы» фильмі мен «Бойжеткен» триллерін түсірген.

Киноның түсірілімі аяқталғанымен, прокатқа қашан шығатыны әзірге белгісіз.

ДереккөзBrod.kz