Алматыда мешіт жамағаттары арасында футболдан іріктеу туры аяқталды

Жалпы саны 12 команда өнер көрсету үшін іріктеу турында өнерін сарапқа салды. Іріктеу қорытындысы бойынша Алматы орталық мешітінің «Жастар», «Бірлік» және «Еңбек» алғашқы орындарды иеленіп, жартылай финалға жолдама ұтып алды.

Ағымдағы жылдың шілде айында басталған турнирдің жүлде қорына 1 000 000 теңге тігіліп отыр. Шарада орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек қажы Ауесханұлының атынан Руслан Қайыргелді бірлікке шақыратын насихат айтты.

Айта кетейік, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен мешіт жастарын жат ағым жетегінде кетуінің алдын алып, олардың арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, салауатты өмірге баулу мақсатында мешіт жамағаттары арасында футболдан қалалық турнир ойындары басталған болатын.