«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кепілсіз несие береді

Үкімет баспасөз орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасына арналған брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова осылай деп айтты.

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры азаматтарға үлескерлік құрылысқа қатысуға мүмкіндік беріп отыр.  «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы құрылысты аяқтауға кепілдік беру үшін құрылды. Біз де жаңа жоба бастадық. Қыркүйектен бастап «Миллениум Парк» тұрғын үйіне құжаттарды қабылдаймыз. Мұндағы пәтердің бір шаршы метрі 290 мың теңгеден басталады. Салымшыларымыз осы жерден үй ала алады», — деді ол.

Ләззат Ибрагимова аталмыш жобаның талабын түсіндірді. Оның айтуынша, бұдан былай банк арнайы кепілсіз несие беретін болады.

«Мұнда кепілдікті үлескерлік құрылысына қатысу шарты береді. Себебі, жоғары аталған нысан «Базис А» компаниясына тиесілі. Ол Тұрғын үй құрылысы кепілдік беру қорынан кепілдік алған. Бұл — «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бір компентенті. Сондықтан барлық тілек білдірушілерді бағдарламаға қатысуға шақырамыз», — деп түйіндеді сөзін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы.

ДереккөзBaq.kz