Байқоңырдан әскери зымыран ұшырылды

Ресейдің қорғаныс министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ресейдің қорғаныс министрлігінің ғарыш құрылғысы бар күрделі сыныптағы «Протон-М» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылғаны туралы хабарлады.

Зымыранды ұшыруды Ғарыш әскерінің қолбасшысы — әуе-ғарыш күштері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-полковник Александр Головко өз басшылығына алды.

«Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырудан алдыңғы және оны ұшыру операциялары штаттық режимде өтті», — деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрлігі.

Бақылау Әуе-ғарыш күштері Ғарыш әскері Г. С. Титов атындағы басты сынақтан өткізу ғарыш орталығының жердегі құралдарымен жүргізілді.

ДереккөзTass.ru