«Бозторғай»

Бұл типтегі адамдар таң сәріден ұйқыдан сергек тұрып іске кіріседі. Алайда, олардың қарқынды қуаты түс ауғанға дейін ғана жетеді. Кеш батқан сайын «бозторғайлардың» белсенділігі төмендеп, шаршап қалады. Кешкі сағат 21-22 «бозторғайлардың» ұйқыға кететін уақыты. Сондықтан, оларға күндізгі жұмыс режимі ыңғайлы болып келеді.

Таңертең
©balanceandbliss.com

«Бозторғайларға» түскі үзілісте бір мызғып алған пайдалы. Әйтпесе, күш-қуаты кешке дейін жетпей қалуы мүмкін. Түстен кейін ұйқысы келетін адамдарға салқын душ қабылдап, тым болмаса қолын білегіне дейін салқын сумен жуу керек. Сонда ұйқысы ашылады.

Мамандар «бозторғайларға» таңғы уақытта кофе, энергетикалық сусындар ішпеуге кеңес береді.

«Үкі»

Бұл типтегі адамдар түске дейін ұйықтағанды ұнатады. «Үкілердің» ұйқыдан тұратын қалыпты уақыты — таңғы 11-ден кейін. Алайда, жұмыс берушілер адамдардың ұйқы режиміне ыңғайлы жұмыс кестесін құрмайды. Сондықтан, «үкілер» де, «бозторғайлар» да бірдей уақытта жұмысқа баруға міндетті. Қалыпты жұмыс уақыты таңертеңгі 8-9-да басталатынын ескерсек, «үкілер» жиі сөгіс алатындардың қатарында.

Ұйқы
©psyh-olog.ru

«Ұйқыдағы 5 минут аксиомасы» деген ұғым сізге таныс па? «Үкілердің» ең басты қиындығы да осыған байланысты. Оятқышты белгілі бір уақытқа қойғанымен, тағы бес минут жата тұрайын деген ой бұл типтегі адамдарды үнемі артқа тартады. Сондықтан, мамандар оятқышты төсектен алыс жерге қоюға, таңды әдемі әуенмен бастауға кеңес береді.

«Үкілердің» физикалық белсенділігі түскі 14:00-ден кейін оянады. Осы уақытта оның тауқопарарлық қуаты болады. Бұл типтегі адамдардың интеллектуалдық қабілеттері 13:00-14:00 шамасында, кешкі 18:00-23:00 шамасында ашылады.

«Кептер»

Ұйқы режимі «кептер» типіне сәйкес келетін адамдардың өмірі де, жұмысы да қалыпты болады. Олар ұйқы режимін кез келген оқиғаға сәйкестендіре алады. «Кептерлердің» қабілеті де күні бойы бірқалыпты болады. Сондықтан, кеңсе қызметі, халыққа қызмет көрсету орталығы сияқты тұрақты жұмыс орындары «кептер» ұйқылы қызметкерлерді жоғары бағалайды. «Үкілер» де, «бозторғайлар» да күн тәртібін ретке келтіру арқылы «кептерге» айнала алады. Бірақ, ол үшін кем дегенде 21 күн уақыт керек. 21 күн бойы бір іс-әрекетті қайталап, бір уақытта ұйықтап-оянған адамда әдет қалыптасады дейді мамандар.

Жаз мезгілінде көптеген адамдар «бозторғайға» айналып, таңғы сәулемен оянуды әдетке айналдырса, қыста «үкіге» айналып, жылы көрпені қимай ұйықтайтындар да кездеседі.

Ұйқы режимі мамандық таңдауға әсер ете ме?

"Үкі" мен "бозторғай"
©okbody.ru

Егер адамның бәрі өзінің жұмыс кестесі өзі құрса қандай жақсы болар еді?! Бірақ, мұндай мүмкіндік әркімге берілмеген. Дегенмен, ғалымдар «үкі» және «бозторғайлардың» қандай мамандықтарға бейім болатынын зерттеп көрді.

«Үкілер» көбінесе қауіпті мамандықтарды таңдайды. Оларға тәуекелге бару, қиындықтарды жеңу, табандылық сияқты қасиеттер тән. Шығармашылыққа жақын жандардың шабыты  түнде келеді деген сөз рас болса керек. Себебі, құнды туындылардың авторы Моцарт пен Бальзактың ұйқы режимі «үкілердікіне» сәйкес.

«Бозторғайлар» нақты ғылымдарға бейім болады. Олардың қатарында инженер, математик және әскерилер көп. Мысалы, Наполеон Бонапарт «үкілердің» қатарынан болған.

Ал сіз «үкісіз» бе, «бозторғайсыз» ба?