Аталмыш жарыс этноауылда Қызылода күндерінің аясында өтті. . Атап айтсақ, қатысушылар ат үстіндегі өнер, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақы тұқымды тазылардың көрсетілімінен бақ сынасты.
Сондай-ақ,«Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің және облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған көрмесі, Сыр өңірі өнерпаздарының мерекелік концерті ұйымдастырылды.
Айта кетейік, шара барысында Қызылорда облысы өнерпаздарының, оның ішінде жыршы-термешілер, дәстүрлі орындаушылар мен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің мерекелік концерті өтті.