Фильм қиын жағдайға тап болған қарапайым адамдар жайлы сыр шертеді. Достық, адалдық, батылдық, намыс сияқты қасиеттерді таразылайды.
“Бұл қала мені көп нәрсеге үйретті. Дұрыс тәрбие берді. Осы фильм арқылы оған ризашылығымды білдіргім келеді”, – дейді Нұртас Адамбай.
Бұдан өзге, режиссер әрі актер Нұртас Адамбай киноның жанры комедия болмайтынын айтты. Бәрі дұрыс болса жақсы кино шығатынына сенімді. Фильмнің түсірілімі көктемге жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Нұртас Адамбай Тараз әкімшілігі мен тұрғындарын жобасын қолдауды сұрады. Тараздық актерлерге өздері жайлы ақпараттар жіберіп, кастинге қатысып көруді ұсынды.