Сервис-қызмет аудиториясы Марк Цукербергтің әлеуметтік желісімен мәміле жасасқаннан кейін екі еседен астамға ұлғайып отыр.
«Бір миллиард пайдаланушы. Біздің шағын компанияның соңғы жеті жылда жасаған еңбегі деп мақтауға тұрарлық», — деді мессенджердің негізін қалаушы Ян Кум.
Көрсеткішті 1 млрд пайдаланушыға жеткізу мессенджерді сатып алғаннан кейінгі Цукербергтің негізгі мақсаты болды, деп жазады басылым.
WhatsApp сатылған сома мәмілені ресімдеу уақытында әлеуметтік желі акцияларының құны өсуі салдарынан $19 миллиардтан $22 миллиардқа дейін көтерілген. 2014 жылғы ақпанда әлеуметтік желімен мәміле жасасу алдында «WhatsApp» жылына $10,2 млн пайда тапты. Бұл соманың басым бөлігі пайдаланудың алғашқы тегін жылынан (Facebook оның күшін 2016 жылғы қаңтарда жойды ) кейін сервиске пайдаланушылардың жазылу есебінен келіп түсті.