Ақмола облысында сот істерінің 84 пайызы бейнежазбамен өткізілмек

Бұл жалпы қаралған істердің 6 пайызын құрап отыр. Осы мерзім ішінде қаралған қылмыстық істер бойынша 175 адам бас бостандығынан айырылса, 25 адам ақталған.  Бүгінде сот әділдігін жүзеге асырудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстағы соттарда істердің 84 пайызы бейнежазба арқылы жүргізіледі. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында судьялардың үстінен 65 шағым келіп түскен.  Олардың басым бөлігі қабылданған шешімнің бұрыстығы туралы арыздар. Жиын барысында облыс соттарының жұмысын әлі де болса жақсарту қажеттігі айтылды.

Облыс соттарындағы шығыс құжаттарының 96 пайызы, ішкі құжаттардың 87 пайызы мемлекеттік тілде әзірленген. Алайда, соған қарамастан, І жартыжылдықта қаралған 23 мыңнан астам істің 2,3 пайызы ғана, яғни 600-ге жуығы ғана мемлекеттік тілде қаралған.

Медиация тәртібінде қаралған істерге келетін болсақ, биылғы жылы облыстық сотта қаралған істердің 2,9 пайызы немесе 680 іс медиация тәртібімен шешілген. Оның 91-і қылмыстық, 23-і әкімшілік, 558-і азаматтық істер. Медиация тәртібімен қаралған істер бойынша 48 миллион теңгеге жуық баж салығы талапкерлерге қайтарылған.  Бүгінде облыс соттарында сот кабинеті сервисі үш жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде, ағымдағы жылы сотқа келіп түскен талап-арыздардың 78 пайызы электронды сервис арқылы келіп түскен. Бұл көрсеткіш республикада 98 пайызды құрап отыр. Сондықтан да облыстық сот төрағасы әлі де болса облыс соттарының жұмысын жақсартып, кемшін тұстарды түзету қажеттігін алға қойды.