Діни бірлестіктер жетекшілері клубының отырысы өтті

Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жолдарымен ой бөлісу және іске асыруға ат салысу.

Отырыста Қазақстандағы діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас сұрақтары, сондай-ақ дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту мәселелері талқыланды.

Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ардагерлер ұйымының төрағасы, басқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері, Казақстан халқы Ассамблеясы өкілі, Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі, өңір дінтанушыларының қатысуымен өтті.