Басты бетЖаңалықтар"Торғай" кәсіпорнына...

«Торғай» кәсіпорнына Қытай компаниясы инвестор болуға ниетті

Құрамында өлке өнеркәсiбi инвестициялық қор компаниясының жетекшiлерi Лю Вен Жия, Хунан Цзян Зан және бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi бар меймандар «Торғай» астық қабылдау кәсiпорны аумағына аялдады. Облыс әкiмiнiң орынбасары Егор Каппель бастаған өңiрдiң сала басшылары шетел инвесторларын қарсы алды.

Мұнда қонақтар жалпы қазақстандық егiстiк өнiмiнiң осы ерекшелiгiне, технологиялық-материалдық әлеуетке, елдi мекеннiң инфрақұрылымы мен географиясына, техникалық жарақтандырылуына жiтi назар аударды. Меймандар мұнан кейiн Новорамковка елдi-мекенiнде қасапхананың жұмысымен танысты. Қонақ кәсiпкерлер қайнаған жұмыс барысына, өндiрiстiң келешегiне ден қойды.

Шетелдiк компания өкiлдерi инвестиция тартуға ниет бiлдiрдi. Шаруашылықтың iс-тiрлiгiн қысқаша сипаттаған аудан әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Алик Манадыров екi елдiң достық көпiрiнiң нығаюына, әрiптестiк игiлiгiнiң баянды болуына тiлектестiгiн бiлдiрдi.

Жалпы сапар қортындысында Астанада екi жақты ынтымақтастықты арттыру бағытында өзара меморандумдарға қол қойылды.