Мемлекеттік гранттар бойынша үшінші конкурстың жеңімпаздары анықталды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттар конкурсының сараптамалық комиссиясы 71 үкіметтік емес ұйымнан 18 грант тақырыбы бойынша ұсынылған 93 өтінішті қарады.

Нәтижесінде 16 тақырып бойынша мемлекеттік гранттарды беруді туралы шешім шығарылып, 2 тақырып өтініш деңгейінің төмендігіне байланысты кері қайтарылды.

Грант жеңіп алған 14 үкіметтік емес ұйымның ішінде «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі де бар. Ол «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» деген тақырыппен 2 миллион 555 мың теңгелік мемлекеттік грантты алды.

Бірлестіктің басшысы Серікқазы Кәкібалановтың айтуынша, бұл қаражатқа құқық бұзушылықтармен күрес тақырыбына арналған дөңгелек үстелдер, журналистер мен блогерлердің кездесулері өткізіледі.