«Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясы түсіріліп жатыр

«Бөлінбейтін» фильмінің сюжеті шағын дәмханада өрбиді. Ақша мәселесіне байланысты адамдардың арасында келіспеушіліктер пайда болады. Негізінен қылмыстық жанрда түсіріліп жатқанымен, комедияның да элементтері бар. Махаббат хикаясын да қамтыдық. Актерлар арасында кастинг өткізілген жоқ. Фильмге қатысуға ең алдымен Әзиз Бейшеналиев пен Ерден Тілемісовты шақырдық. Одан кейін актер Алексей Шемеске хабарластық, ол сценарийді оқып шығып, фильмге түсуге келісімін берді»,-деді Олжас Ахметов.

Фильмге Берік Айтжанов, Нұржан Садыбеков, Асан Мәжит, Шыңғыс Капин және Ербол Семқұлов сынды танымал актерларды да көре аласыздар.

«Идея қыста туындады. Біздің бұл туындымыздан уөрермендер Квентино Тарантиноның жұмыстарына ұқсас дүниені көретін шығар. Біздің бір ғана мақсатымыз болды – аз ғана қаражатқа жақсы ойнамалы кино түсіру»,-дейді жас режиссер.

«Бөлінбейтін» киносы Алматы облысындағы дәмханалардың бірінде түсіріліп жатыр. Түсірілім биылғы жылдың 8 тамызында аяқталмақ.

ДереккөзBrod.kz