Әнуар Талғатов: «Мажорлар» фильміндегі Бага — кинодағы алғашқы басты рөлім

Кинокартинадағы басты рөлдің бірін жас актер Әнуар Талғатов сомдады.

Әнуар Талғатов кинодағы өз рөлі мен қызықты түсірілімдер жайында сұхбатында айтып берді.

Әнуар Талғатов
©Brod.kz

«Мажорлар» — менің кинодағы алғашқы басты рөлім. Бұл жобаға дейін эпизодтар мен әлеуметтік роликтерге түсіп жүрдім. Фильмнің кастинг-директоры мені көшеден көріп қалып, кастингке қатысып көруді ұсынды. «Мажорлардағы» Баганың рөліне 200 актер кастингке келді. Мені осы рөлге бекіткенін естігенде таң қалдым әрі қуандым»,-дейді ол.

Фильмде салмақты жігіттің рөлін сомдаған Әнуар өмірде көңілді жүреді екен.

«Киноны әркім әрқалай түсінуі мүмкін. Тіпті, біреулер картинадан өздерін немесе достарын көретініне сенімдімін. Маған көбінесе драмалық көріністер қиындау болды, өйткені мен көңілді жүретін адаммын. Әрдайым күліп жүретіндіктен, таныстарым мені «Смайл мырза» деп атап кеткен»,- деді актер.

Айта кетейік, картина былтырғы жазда бір ай бойы түсірілген. Оған жас актерлар Айым Сейтметова, Бахтияр Байсерік және Әнуар Талғатов, сондай-ақ, белгілі актерлар Байғали Есеналиев, Михаил Токарев пен Еркен Губашев қатысқан.

ДереккөзBrod.kz