Басты бетЖаңалықтарБерел қорымынан...

Берел қорымынан бесінші Алтын адам табылды (Фото)

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым» — деп жазды өзінің фейсбук парақшасында Берік Әбдіғалиұлы.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан аймағынан табылған бесінші Алтын адам. Орталық басшысының жариялаған суреттеріне қарағанда, Алтын адам сақ дәуіріндегі салт бойынша мінген атымен бірге жерленген.

Берел қорымы, Алтын адам, Берік Әбдіғали
Жеке мұрағаттан
Жеке мұрағаттан
Берел қорымы, Алтын адам, Берік Әбдіғали
Жеке мұрағаттан