Басты бетАлматыда велосипедті...

Алматыда велосипедті жалға беретін 31 жаңа станция ашылады

2017 жылдың 31 шілдесінен бастап Almaty Bike әлеуметтік-инновациялық жобасының екінші кезеңі басталды. 31 тамыздан бастап қала тұрғындарына велосипедті жалға беретін 31 жаңа станция ашылады. Олар келесі көшелерде орналастырылмақ:

Велотанция Алматы

  1. №21 станция – Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы, орталық есік;
  2. №52 станция – Гоголь – Қалдаяқов көшелері;
  3. №57 станция – Гоголь көшесі – Сейфуллин даңғылы;
  4. №58 станция – Гоголь – Байтұрсынов көшелері;
  5. №59 станция – Мұратбаев – Гоголь көшелері;
  6. №60 станция — Гоголь – Байзақов көшелері;
  7. №61 станция – Гоголь – Әуезов көшелері;
  8. №103 станция – Пушкин көшесі – Райымбек даңғылы;
  9. №104 станция – Райымбек даңғылы – Фурманов көшелері;
  10. №105 станция – Райымбек даңғылы  – Абылай хан көшесі;
  11. №106 станция – Райымбек — Сейфуллин даңғылдары;
  12. №107 станция — Мәметова – Қонаев көшелері;
  13. №108 станция – Мәметова – Панфилов көшелері;
  14. №109 станция — Мәметова – Абылай хан көшелері;
  15. №110 станция — Мақатаев – Жангельдин көшелері;
  16. №111 станция – Пушкин – Мәметова көшелері;
  17. №112 станция – Мақатаев – Фурманов көшелері;
  18. №113 станция – Мақатаев – Абылай хан көшелері;
  19. №114 станция — Мақатаев – Наурызбай батыр көшелері;
  20. №115 станция — Мақатаев көшесі – Сейфуллин даңғылы;
  21. №118 станция – Жібек Жолы – Панфилов көшелері;
  22. № 51 станция – Гоголь – Қайырбеков көшелері;
  23. №56 станция – Наурызбай батыр – Гоголь көшелері;
  24. №62 станция – Төле би – Желтоқсан көшелері;
  25. №63 станция – Төле би көшесі – Сейфуллин даңғылы;
  26. №64 станция — Төле би – Байтұрсынов көшелері;
  27. №65 станция – Төле би – Мұратбаев көшелері;
  28. №66 станция – Төле би – Байзақов көшелері;
  29. №81 станция – Қонаев – Құрманғазы көшелері;
  30. №117 станция – Жібек Жолы – Қалдаяқов көшелері.

Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде қаланың орталық бөлімдерінде жалпы ауданы 23 шаршы метрді құрайтын 50 велосипед станциясы ашылды. Онда барлығы 270 велосипед бар.

Almaty bike
©Ақпараттық-спорттық хаб

Екінші кезеңде бұдан бөлек тағы 150 велостанция орнатылып, 1460 велосипед алу жоспарланып отыр. Бұл қаланың шеткі аудандарын да қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Екінші кезең осы жылдың шілде — қыркүйек айларына толықтай іске асырылады. Жоспарланған велостанциялардың көлемі — 98 шаршы метр.

Almaty Bike жобасының үшінші кезеңі 680 велосипедті қамтитын 100 велостанцияны салумен аяқталады. Бұл қаланың барлық тұрғын үй аймақтарын екі аяқты көлік құралымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Осылайша, 2018 жылы Алматы қаласында барлығы 300 велостанция болады.

Айта кетейік, Almaty Bike жобасы қаладағы велосипед қозғалысы мәселесін шешуге арналған. Ол оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарының велоспортпен айналысуына мүмкіндік беріп, қоғамдық көлікті алмастырғыш ретінде жұмыс істейді.

Велосипедтерді алу үшін жобаның сайтына тіркелу керек. Сол арқылы кез келген велостанциядан велосипедті алып, оны қаланың басқа бұрышындағы станцияға қойып кетуге болады.

Жүйенің жұмысы қалалық коммуникацияға қосылуды міндеттемейді. Себебі, станциялар күн энергиясымен жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қолданушылар үшін қолжетімді тарифтер ойластырылған. Bike Sharing жүйесі бойынша велосипедті жалға алудың алғашқы 30 минуты тегін. Яғни, осы уақыт аралығында қаланың әр станциясынан велосипедті ауыстыру арқылы тегін жүруге болады.