Алматыда №44 автобус қайта жүре бастады

Бұған дейін тасымалдаушы жолаушылар легінің аздығынан №44 бағыттағы көлік қозғалысы тоқтатылған. Дегенмен Наурызбай ауданының тұрғындары үшін бұл бағыт өте қажет екендігі ескеріліп, 1 шілдеден бастап қозғалыс қайта ашылды.

Көлік аудандық әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін барады.

Алматы, №44 автобус, сызба
©Almaty.gov.kz

Айта кетейік, № 44 бағыт бойынша ЛИАЗ маркалы жаңа автобустар жүреді. Көлік кондиционермен жабдықталған. Соңғы аялдамасы — Орталық стадион.