Шымкент қаласында «Көмек» оңалту орталығы ашылды

Аталған мекемелер «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының аясында ашылды. Бұл жобаның мақсаты – отбасындағы жанжалдарға тосқауыл қойып, шаңырақ ынтымағын сақтау.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр елімізде демографиялық саясатқа ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

«Бүгінде Қазақстанда отбасы-демографиялық саясатқа ерекше назар аударылып отыр.  Демографиялық өсімнің жақсарып, Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетуі және халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 10 жылға ұлғаюы – мемлекеттің әрбір отбасыға қамқорлық танытуға бағытталған Елбасымыздың сарабдал саясатының жемісі», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жаңа орталықта психолог, әлеуметтік кабинеттер, жатын бөлмелер, асхана, балалар алаңшалары, мәдени тынығу бөлмелері жабдықтармен қамтылған.

Аталмыш мекемеде нарколог, психолог, психотерапевт және әлеуметтік қызметкерлер емдеу стандарттарына сәйкес наркологиялық және медициналық көмек көрсету қызметтері бар. 20 төсек орынмен қамтамасыз етілген орталық тәулік бойы жұмыс жүргізетін стационарлық мекеме болып табылады.

Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі мекемесінде зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар, кереғар діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетіледі. Мұнда интернет желісі арқылы скайп жүйесімен онлайнды сұхбаттасу, кеңес алу шаралары жоспарланған.

Дереккөзaikyn.kz