Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров әлем чемпионы атанды

Отандасымыз бразилиялық боксшы Хоаким Карнейроны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша Жаңқош Тұраров спорттық мансабындағы 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол оның 13-ін мезгілінен бұрын аяқтаған. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз бірінші раундта-ақ қарсыласынан қауқарлы екенін таныта білді.

f5334b2a2a969e629218d35aceb95385

Айта кетейік, 28 жастағы бразилиялық боксшы осыған дейін 28 кездесу өткізіп, 22-де жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ,  WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына үміткер болған, ал қазір өз елінің супержеңіл салмақтағы (140 фунт — 63,5 кг) чемпионы болатын.  

Мақалаға реакция

2 Пікір

  1. Қ
    Қазақ 10 жыл бұрын
    ТАМАША. АЛҒА Қазақстан !!!!
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Генади сияқты жігіт,қазақтан қашан шығады деп ойлайтынмын,Осы Жанқош техникасы удары бәрі керемет екен, келдіғойдим.Алға енді тоқтама!