Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров әлем чемпионы атанды

Отандасымыз бразилиялық боксшы Хоаким Карнейроны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша Жаңқош Тұраров спорттық мансабындағы 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол оның 13-ін мезгілінен бұрын аяқтаған. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз бірінші раундта-ақ қарсыласынан қауқарлы екенін таныта білді.

f5334b2a2a969e629218d35aceb95385

Айта кетейік, 28 жастағы бразилиялық боксшы осыған дейін 28 кездесу өткізіп, 22-де жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ,  WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына үміткер болған, ал қазір өз елінің супержеңіл салмақтағы (140 фунт — 63,5 кг) чемпионы болатын.  

ДереккөзMassaget.kz