Ертең «Мектепке жол» акциясы өз жұмысын бастайды

Жаңа оқу жылы жақындағанда жыл сайын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi  «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткiзедi.

Аталған акция биыл оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Акция 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейiнгi кезеңде «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтедi.

«Қазiргi таңда жергiлiктi атқарушы органдар 300 мыңға жуық оқушының тiзiмiн жасады. Оларға көмек мектеп пен бiлiм бөлiмдерi арқылы көрсетiледi. 300 мың баламен шектеліп қалмаймыз. Егер мұқтаж ата-аналар болса, олар кез келген уақытта өз мектебi мен бiлiм бөлiмiне хабарласып, балаларды тiзiмге енгiзiп, көмек ала алады», — дедi Ысқақ Құлатай.

Ал өз еркімен көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсеткiсi келетiн азаматтар Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне 8-7172-74-21-40 немесе комитеттiң қауырт желiсiне 74-25-28, сондай-ақ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармаларына хабарласа алады.

ДереккөзBaq.kz