Форумның басты мақсаты — отандық өнімдерге ірі сатып алушылар тауып, өнім сапасын жақсарту, экспортқа шығу мәселелерін талқылау.
Шара аясында «В2В» форматында кездесулер ұйымдастырылады. Аталған кездесулер отандық тауар өндірушілері мен тұтынушылар арасында байланысты нығайту үшін қажет.
«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумының аясында 28-30 шілде күндері «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік жеңімпаздарының тауар көрме-байқауы, «Қазақстанда жасалған» 206 компания өндірісі көрмесі өтеді.
Көрмеде 350 компанияның өнімдері ұсынылады. Көрме қонақтары ұнатқан тауарын өндірушінің өзінен алу мүмкіндігіне ие болады.
Келушілер күнделікті сағат 16:00-де өтетін бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады.