Ақмола облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бұл жолғы байқауға өңірдегі 30 жуық кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер қатысты. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша Бурабай ауданындағы  «Щучинск котельно-механикалық» ЖШС-гі, «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша Целиноград ауданындағы аяқ киім тігетін фабрика «САМХАТ» ЖШС-гі жəне «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша Жақсы ауданындағы «Агрофирма ТНК» ЖШС-гі жеңімпаз аттанып, арнайы сертификаттармен марапатталды.