Қорғалжын қорығы ЭКСПО қонақтарына сапалы қызмет көрсетпек

Бұл мәселе аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің ауданға жұмыс сапары барысында талқыланды. Облыс әкімі Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының ұлттық ерекшеліктерімен сәулеттендірілген визит орталығында болды.

Мұнда қырық адамға шақталған асхана жұмыс істейді. Қазақтың оюлы, сәнді киіз үйі тігіліп, онда келген қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылады және түнеп шығуларына да мүмкіндік бар.

«Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілердің туристік бағытына енгізілген. Шетелдік қонақтарға аймағымыздың қайталанбас табиғи байлықтарын көрсету қажет», – деді аймақ басшысы.