Көкшетауда жолақысы қымбаттайды

Тамыз айынан бастап қалалық қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы 80 теңгеге көтеріледі. Бұған шаһардағы автопарктердің шығындарының шамадан тыс көбейіп кетуі себеп болған. Бұрын қалада жолақы құны 60 теңге, балалар үшін 30 теңгені құрады.

«2014 жылдан бері жолда жүру ақысы өскен жоқ. Одан бері үш жыл уақыт өтті. Өздеріңіз білесіздер, осы аралықта нарықтағы баға да өзгерді. Жанар-жағармай, коммуналдық төлемдерді былай қойғанда, автобөлшектердің бағасы едәуір өсті. Бұл жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге қиындық тудыруда. Олардың тапқан табысы маңдай тер, табан ақыларын ақтамайды. Оның үстіне автопарктер 12 санаттағы 3 мыңға жуық адамды тегін тасиды»,–дейді Көкшетау автобус паркінің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Әсия Шәрімова.

ДереккөзBaq.kz