Басты бетҚоғамЕлімізде сот...

Елімізде сот отырысы электронды нұсқаға көшуі мүмкін

Әзірге электронды жоба тек Астана қалалық Сарыарқа аудандық сотында ғана жүзеге асуда.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарына байланысты берілетін санкция да электронды түрде беріледі. Алдағы уақытта сот отырысы да осы нұсқаға көшуі мүмкін. Қазір қазылардың мәжіліс залдары техникалық тұрғыда барлық жағынан жабдықтандырылуда.

ҚР Жоғарғы сот азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Бағлан Мақұлбеков электронды нұсқаға көшудің практикалық маңызы жоғары екенін айтып өтті.

«Қазір жаңа реформа бойынша жаңа бастама көтеріп жатыр. Алдын ала дауларды шешу тәртібін енгізу туралы. Кейбір санаттағы істер бойынша бұл енгізілген. Ал енді мұның практикалық маңызы өте жоғары. Сотқа дейін дауласушы тараптар өзара келісе отырып, оны реттеуге мүмкіндігі бар. Бұл соттардың жұмысын азайтады. Бұл бірінші халықтың құқықтық сана-сезімінің артқанын көрсетеді. Екіншіден, қаржыны, уақытты унемдеуге көмектеседі», — деді ол.

Айта кетейік, электронды нұсқа осы жылдың соңына дейін толық енгізілетін болады.

ДереккөзKhabar.kz