Әнші Айқын Төлепберген Астанадағы бейімдеу орталығының балаларымен кездесті

Кездесу барысында орталықтағы балалардың сұрақтарына жауап берген әнші репертуарындағы танымал әндерін де орындап берді.

Айқын Төлепберген
©Baq.kz

«Мен осында сіздер үшін келдім. Өмірде түрлі жағдайлар болады, бірде қуаныш, бірде қайғы. Сіздер ешқашан мұңаймаңыздар, болашақтарыңыз алда. Бастысы алға мақсат қоя біліңіздер. Бүгінгі уақытта бастысы — білім. Сондықтан сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар», — деп бүлдіршіндерге ақыл-кеңесін берді әнші.

Әншіге кездесу соңында орталық директоры Аманжол Кенжетайұлының атынан алғыс хат тапсырылды.

Айта кетейік, бүгін 21-шілде күні сағат 20.30-да Астанадағы қалалық алаңда Айқын Төлепбергеннің жанды дауыстағы «Сені сағындым» атты концерті өтеді.

Дереккөзbaq.kz