Бұл жолғы жаңа есім — рэпер 20 жастағы Дармұхамед.
Рэпердің музыкалық продюсері Есболат Беделхан Дармұхамед туралы айтып берді.
«Жаңа жобамның ерекшелігі — тек орыс тілінде рэп айтады. Сондай-ақ, туындыларының бәрін өзі жазады. Мен тек музыкалық жағынан қараймын. Ал бас продюсері — Дастан есімді азамат. Біз оны бұрынғы ТМД елдерінде жариялауға тырысып жатырмыз. Келесі айда алғашқы бейнебаяны жарық көреді», — деді ол.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Дармұхамедтің алғашқы бейнебаяны түсірілуде.