Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаевтың...

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінде кімдер хат жолдады?

ҚР Президентінің атына шетел президенттері мен үкімет басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдердің және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдары жетекшілерінен, зиялы қауым мен дін өкілдерінен, дипломатиялық миссия басшыларынан, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардан хаттар келіп түскен.

Атап айтсақ, Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннен, АҚШ Президенті Д.Трамптан, Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғаннан, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтен, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмоннан, Түрікменстан Президенті Г.Бердымұхамедовтен, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтен, Армения Республикасының Президенті С.Саргсяннан, Украина Президенті П.Порошенкодан, Сербия Республикасының Президенті А.Вучичтен, Хорватия Республикасының Президенті К.Грабар-Китаровичтен, Италия Республикасының Президенті С.Маттарелладан, Латвия Республикасының Президенті Р.Вейонистен, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведевтен және Венгрия Республикасының Премьер-министрі В.Орбаннан құттықтаулар келген.

Халықаралық және шетелдік ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері де Елбасыны құттықтап, жеделхаттар жолдаған. Олардың қатарында ҰҚШҰ бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы С.Лебедевтің, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисянның, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің президенті В.Христенконың, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкованың, Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблеясындағы және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясындағы өкілі Х.Бакеновтің, Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшісі, Астанадағы АСЕАН комитетінің төрағасы Р.Прамононың, Еуропалық парламенттің Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы И.Григуленің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Кролдың, Болгария индустриялық қауымдастығы төрағасының орынбасары әрі бас хатшысы М.Попованың, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Анодинаның хаттары бар.

Елбасына жолданған хаттардың толық тізімі мен мазмұны туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Қазақстан Президенті өз атына келіп түскен хаттардың бәрімен мұқият танысып шыққанын айтқан. Елбасы барлық авторларға құттықтаулары мен жылы тілектері үшін алғысын білдіреді.

ДереккөзAkorda.kz