Басты бет"Шымбұлақ" курортында...

«Шымбұлақ» курортында халықаралық тау және спорт фестивалі өтеді

Халықаралық фестиваль «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтеді. Шараның ашылуы форуммен басталып, спорттық шаралармен жалғаспақ. Фестивальге Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, «ТВЭЛ-курорт» компаниясының бас директоры, фристайлдан Санкт-Петербург Федерациясының вице-президенті, Сочи Олимпиадасының кеңесшісі Виктор Тимаков қатысады. Олар келушілерге тау-шаңғы курорттарының салу мәселелерін және спорттық жарыстарды өткізу сұрақтарына тоқталып, қысқы туризм саласын даму жолдарын талқылайтын болады.

Сондай-ақ, форумға PGI management компаниясының президенті Жоан Вильядомат, Қытай елінің қысқы спорт түрлері ассоциациясының бас менеджері, Beijing wanda Culture Industry Group компаниясы бас директорының орынбасары Бин Ву, Полтаваски компаниясының директоры Антон Фалтинский және Грузия мемлекетінің таулы курорттарын дамыту компаниясының бас директоры Александре Онопришвили баяндама жасап қатысады.

Фестивальдің екінші күні келушілер үшін «Шымбұлақ» тау- шаңғы курортында музыкалық-спорт марафоны, құзға өрмелеу жарысы, Медеу мұзайдынында кроссфит және воркаут жарыстарына қатысуға мүмкіндік алады. Ал шілде 30-ы қала тұрғындары мен қонақтары «Жастар шыңына шығу» Альпиниадасын бағындыруға болады.

Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаевтың айтуынша, аталмыш шараның мақсаты — халықты барынша спортқа баулу.

«Осы фестивальдің аясын кеңейтіп отырмыз. Былтыр бір күн ғана болса, биыл туризм саласындағы сарапшыларды шақыртып, жан-жақты насихаттай түспекпіз. Форумда біздің даму бағытымызды әлемдік тәжірибемен салыстырып көрмекпіз. Жалпы, Медеу, Шымбұлақ шатқалының толық мүмкіндігін танытқымыз келеді. Мақсатымыз — халықты барынша көбірек спортқа баулу. Жалпы, Алматыда қысқы спортқа керекті инфрақұрылым толық бар», — дейді Әбіл Дөңбаев.

Осы шара аясында «Team-bulding» фестивалі, балалар мен жасөпірімдердің қатысуымен «Спорт менің ауламда», «Спорттық Алматы» және құзға шығудан өзге де халықаралық жарыстар үш жас ерекшеліктеріне сәйкес: «Жастар мен Ересектер», «Балалар» және «Жасөспірімдер» өткізіледі. Сонымен қатар, паркур, воркаут және кроссфиттен ашық чемпионаттар мен Алматы қаласының кубогы ұйымдастырылады.

Аталмыш шараға келушілерді концерттік бағдарлама, флеш-моб, таулы бөктерінде жанды дауыста орындалатын әсем әуендер, ұлттық сусындар мен мерекелік шара күтіп тұр. Фестиваль аясындағы спорттық жарыстарға 13-17 жастар аралығындағы балалар мен жасөспірімдер таулы туризмнен шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Фестивальдің негізгі мақсаты — Алматы қаласының имиджін, тартымды орталығын, халықаралық және отандық спорт туризмін нығайту және одан әрі дамыту, таулы спорт түрлерін насихаттау мен елге таныту, белсенді тынығуды насихаттау.

Айта кетейік, аталмыш шараны Алматы қаласы әкімдігі және Шымбұлақ тау шаңғы курорты ұйымдастырып отыр.

Халықаралық тау және спорт фестивалінің бағдарламасы:

28 шілде

-Халықаралық тау форумы

29 шілде

— Музыкалық-спорт марафоны («Шымбұлақ» ТШ)

— Құзға өрмелеу жарысы (Алматы аңғарының орман шаруашылығы)

— Кроссфит және Воркаут жарысы («Медеу»)

30 шілде

-Жастар шыңына шығу Альпиниадасы («Шымбұлақ» ТШ)

-Жанұя күні («Шымбұлақ» ТШ)